“Күйеуімнің жетістігі - менің арқам“. Жазира Байырбекова көпті ойландыратын жазба қалдырды

“Күйеуімнің жетістігі - менің арқам“. Жазира Байырбекова көпті ойландыратын жазба қалдырды
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Танымал әнші Жазира Байырбекова ер адамның жетістігін өзіне меншіктеніп алатын әйелдер жайлы ойын бөлісіп, жазба қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші әйелдердің көпшілігі ер адамның жетістігін, абыройлы болуын өзінің арқасы деп санайтын әйелдердің ойымен келіспейтінін жазған.

"Күйеуі еңбекқор, табысты, абыройлы, жетістікке жетіп жатқан келіншектер күйеуінің осындай дәрежеге жеткені менің мықты, ақылды болғанымнан. Яғни күйеуімді осылай мен жасадым деп жатады әйелдер арасында. Бір қызығы, жетістікке жетіп, өсіп жатқан жігіттер әйелінің осы ойына сенеді, мойындайды, әйелін құрметтейді", - деп жазды ол. 

Жазира Байырбекованың ойынша, ер адамның мықты болуы үйленгенге дейінгі болмысына байланысты. 

"Өзгергісі, дамығысы, өскісі келмейтін, жалқау, қырсық, керітартпа жігіттерді өзгерту әйелдің қолынан келе ме? Қалай ойлайсыздар? Ер адамның табысты, мейірімді, отбасына қамқор болуы үйленгенге дейінгі болмысы сияқты менің ойымша", - деп жазды Жазира Байырбекова. 

Еске салайық, бұған дейін Жазира Байырбекованың енесімен арақатынасы жайлы айтқан әңгімесін бөліскен едік. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин