Заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хатта 12 жыл бойы заңды жолдасынан зорлық көріп келе жатқан әйел көмек сұраған.
"Сәлеметсіз бе!
Менің жасым 41-де, Атырау облысынан хабарласып тұрмын.
Мен өзімнің заңды жолдасымнан 12 жыл бойы зорлықтың құрбаны болғанмын жанмын. Ол кісінің таныстары мықты болып тұр. Жедел-жәрдемде апасы диспетчерлік қызмет атқарады, нағашы ағасы АІІБ бастығы болып қызмет атқарады. Сол себептен мен айғақ-дәлелдерімді жинай алмай отырмын. Сіздердің көмектеріңізге мұқтаж болғасын хабарласып отырмын. Өзім көпбалалы анамын, 4 қызым бар, ұл балаға жүкті кезімде ішімнен соғып баламнан айрылып калғанмын", - деп жазылған хатта.
Тағы да оқи отырыңыздар: Өнеркәсіпте хром алюминотермия әдісі бойынша алынады. Егер реакцияға 30,4 г хром (ІІІ) оксиді түскен болса, реакция нәтижесінде қанша хром алынады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!