- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Күйеуімнен көбірек пайда...
"Күйеуімнен көбірек пайда түседі". Тамара Асар ел күтпеген жаңалығын бөлісті
Танымал әнші Тамара Асар қазір табыстың көп бөлігі қайдан түсетінін айтты. Ол "1001 ТҮН" бағдарламасында қонақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бағдарлама барысында психологиялық тренингтер өткізіп жүргенін айтты. Алайда бұл ақылы жұмыстың нақты бағасын атамады.
"Күйеуімнен пайда көбірек. Екеуінен де (той, психология - еск.) қазір табыс аздау. Себебі екеуінің де соңында емеспін. Баламмен, үймен. Тойға барғанды жақсы көремін, ортаның адамымыз. Көңілімнің қошы келсе, "барып қайтайыншы" деп кейде тойға барып келемін. Соның соңында табыста емеспін. Ақтауға көбіне барамын. Төркінді көбірек көріп қалу үшін. Астана, Алматы, Қостанай, осы төрт қалада. Бірақ концерт, түсірілімдерден қалып жатқан жоқпыз. Себебі оған басынан папасының талабы да солай болды", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова