Танымал әнші Ерке Есмахан отбасында қаржы мәселесінің қалай бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Instagram-парақшасында "Сұрақ-Жауап" айдарында оқырмандарының бірі қойған сұраққа жауабында жазды.
"Сіздерде ортақ бюджет пе? Ақшаны кім ұстайды? Райм әкеліп сізге бере ме?", - деп сұрақ қойған оқырман.
Әншінің сөзінше, ақша табушы жолдасы.
"Негізі біздің отбасылық бюджетті білгісі келетіндер көп екен. Қысқаша айтайын, ақша табушы Райм, жұмсаушы мен.
Миллионер болғың келсе, әйелің ақшаны көп жұмсасын дегендей. Күйеуімді енді миллионер емес миллиардер қылсам деп отырмын", - деп жауап берген Ерке Есмахан.
Айта кетейік, бұған дейін "Қан тоқтамай қойды". Ерке Есмахан келіндік қызметін атқарып жүріп оқыс жағдайға тап болғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Оразаның басында, ортасында, аяғында 3 күннен ауыз бекітуге бола ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!