Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм үш күн үйде болмағанда немен айналысқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің үй жағдайында тамақ әзірлеуіне себеп - күйеуінің үш күндік іссапардан оралуы екен.
"Қайырлы күн, қалайсыздар? Күз келді. 1 қыркүйек құтты болсын! Менің күйеуім үш күн үйде болмады. Бүгін таң ата келді. Қазақстанды аралап, концерттерімен жүрді. Соған қолдан кеспе кесіп, тамағын дайындап жатырмын. Әдемі болған, иә? Сорпасы мөлдір болсын деп көп ұн сеппедім", - деді әнші үйде тамақ пісіріп жатқан видеосын жариялап.
Ерке Есмахан екі ұлының немен айналысып жүргенін де жасырмады.
"Бүгін мектепке бармайды екен ғой балалар. Муслим содан әлі қыдырып жүр", - деп үлкен ұлының үйде емес екенін айтты. Ал кіші ұлының енді ғана еңбектеп жүрген видеосымен бөлісті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!