- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Күйеуім басымды жарып,...
"Күйеуім басымды жарып, бензин құйып өртемек болды". Блогер Ырысбала Икрамбай әйелдерге кеңес берді
Танымал блогер, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде әйелдерге кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі оқырмандарына енесі туралы естелігін жазған адамға 50 мың теңге сыйлық беретінін хабарлаған. Оқырмандарынан күтпеген хаттар алған блогер қазақ әйелдерінің жай-күйіне ашуланып кетсе керек, қыз-келіншектерге қатты тиетін жазба жариялады.
"Жолдасым ішіп келіп, ұрып, басымды жарған. Қанын жуайын деп шықсам, бір бөтелке бензин құйып, үстіме түгел шашып, сіріңке жағайын деп тұрғанда енем мені артына тығып "Бірінші мені өрте! Мен өлсем, артымда мені жоқтап, шелпек пісіріп, Құран бағыштап отыратын сен емес, осы келінім, келінім демеймін, қызым бұл менің" деген. Енемнің ең тәтті сөзі осы болатын", - деп хат жазыпты бір оқырманы.
Қазақ әйелдерінің қорғансыздығына ашуланған блогер оқырманына төмендегідей кеңес берді.
"Осы неге біз, әйелдер қауымы, сондай сорлымыз? Кінәміз не? Әйел болып өмірге келгеніміз бе? Ішсе де, тышса да неге басымызды жарғызып, одан сорақысына жол береміз? Тағы әйел кінәлі бола ма? Ұрса ұрыңдар, тепсе тебіңдер! Таяғын жеп жүрмеңдер! Еркек болса да, басқа болса да. Әлің келмейді ме, заң қызметкерлерін шақыр. Мейлі, бетпақ бол, көкбет бол, таяқ жеме. Айтқан адам айта берсін. Ертең таяқ жеп өлсең сол айтқандар өтірік жылап, артынан палау жеп отырады түк болмағандай. Сені қан жоса қылып ұрған адаммен қайта бір төсекте жатудың өзі өлімнің бір түрі шығар", - деп жазды блогер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева