- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Күйеуім ағасына кредит...
"Күйеуім ағасына кредит алып, ол төлемей жүр". Заңгер кеңесі
Туысқа кредит, шағын несие алып берген дұрыс па? Ол төлемей кетсе кім кінәлі болады? Ақшаны өзіңіз алмағаныңызды түсіндіріп, банкке өтініш жазуға бола ма? Бұл сұрақтарға заңгер жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осындай мысалды "Диапазон" басылымы келтірген. Тұрғын күйеуі өз ағасына ақша алып беріп, енді ол төлемей жүргенін айтады.
"Енді үш төлем қалды, бұған дейін екі төлемге ақша бермеді. Қарызға бере тұруды сұрайды, кейін қайтарамын деп уәде береді. Күйеуім ашуланып, соңғысын төлемеймін деп отыр. Ақшаны өзі алмағанын дәлелдеуге бола ма? Жазбалары бар", - деп әйел өз сұрағын қойған.
Бұған "LEGALMAN" заң консультанттары палатасының мүшесі Алена Дуля былай деп жауап берді. Оның айтуынша, банк мұндай түсіндіруді қабылдамайды және онысы заң жүзінде дұрыс болады.
"Банк күйеуіңізбен келісім жасасып, ақшаны келісілгендей берді. Ал күйеуіңіз ақшаны қайда жұмсады, кімге аударды, банкке қатысы жоқ. Алайда күйеуіңіздің ағасын сотқа бере алады, егер олардың келісіміне жеткілікті дәлелдер болса. Дәлелдер кез келген деректер болуы мүмкін, соның ішінде хат-хабар, дауыстық хабарламалар, куәлардың мәлімдемелері және т.б." - дейді Алена Дуля.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан