Түркияда діни некедегі күйеуі пышақтаған әйел бір айға жуық емханада жатып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Діни некеде болған 49 жастағы Айдын Йүжедаг 45 жастағы әйелі Ділек Дікменді пышақтап өлтірді.
Оқиға 18 қыркүйекте Түркияда болған. Екі баланың анасы Ділек Дікмен күйеуі Айдын Йүжедагпен ұрысып, соңы төбелеске ұласқан.
Күйеуі ашу үстінде әйеліне қол көтеріп, пышақтап тастаған. Жедел жәрдем жаралыны Чанкыры мемлекеттік ауруханасына жеткізген. Кейін Анкара Этлик қалалық ауруханасына ауыстырылды. Полиция күдіктіні қамауға алды.
Ділек Дікмен 27 күннен кейін Этлик қалалық ауруханасында қайтыс болды. Дикменнің денесін отбасы қабылдап алып, жаназасын шығарды. Сұлтан Сүлеймен мешітінде түсте оқылған жаназа намазына Ділек Дікменнің отбасы мен жақындары қатысты. Әйелдің артында екі баласы жетім қалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!