Танымал әнші Мақпал Жүнісова өзін "кемпір" деп атайтындарға наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тойдан түскен ақшаға міндетті түрде көйлек тіктіреміз. Тойға келіп ақша тауып жүргенде "көйлегіңіз өтпейді екен" деп айтпасын деп қуанышқа, тойға шашыламыз ғой. Сондықтан да қыздар әдемі болып жүре берейік", - деді Мақпал Жүнісова кезекті тойда сөз сөйлегенде.
Сонымен қатар әнші өзіне кемпір деп айтатындарға ренішін білдіріп, бұл ренішіне түсініктеме де беріп өтті.
"Бізге біреулер кемпір деп айтып жатады. Жалпы, кемпір деген сөзді қыздарға айтпаған. Кемпір деп өзінің шалы ғана айтады. "Әй, кемпірім, қалың қалай?" дейді. Жалпы, күйеуі жоқ қыздарға кемпір деп айтуға болмайды. "Қыз-ау" деп қойсаңыздар болады",- деп күлді Мақпал Жүнісова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!