“Күйеу жігіттің ағасы“: Қарағандыда той кортежіне қатысқан бес көлік айып тұрағына қойылды

“Күйеу жігіттің ағасы“: Қарағандыда той кортежіне қатысқан бес көлік айып тұрағына қойылды
Фото: ІІМ

Қарағандыда жол ережесін өрескел бұзған бес көлік айып тұрағына қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері демалыс күндері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылауды күшейткен. Жоспарлы патрульдеу кезінде қаланың орталық көшелерінің бірінде той кортежі анықталған.

"Күйеу жігіттің ағасы" деген жазулармен безендірілген бес көліктің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Патрульдік полиция қызметкерлері той өтіп жатқанына қарамастан, заң талаптарына сәйкес жедел шара қабылдаған. Бес көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

"Жүргізушілер анықталған құқықбұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды", - деді ІІМ өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget