Полиция күйеуінен аяусыз жәбір көрген семейлік әйелге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 3 мамырда Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны отбасылық жанжал нәтижесінде алған дене жарақатымен медициналық мекемеге жүгінген.
"Бұл дерек Әуезов полиция басқармасында тіркелді. Қажет тексерулер жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.
Жәбірленушіге барлық көмек, оның ішінде психологтың көмегі де көрсетілетіні хабарланды.
Еске салайық, бұған дейін Семейде ер адам әйелін өлімші етіп соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл ақпарат Telegram-арналардың бірінде тарады. Әйел аты-жөнін жариялағысы келмеген. Оның айтуынша, күйеуі оны әлсін-әлсін соққыға жығып тұрған. Ол 2 мамырда миы шайқалғанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!