Кувейт әмірі қайтыс болды. Бұл туралы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Al Jazeera арнасына сілтеме жасап.
Әмір 86 жаста болған. Қарашаның аяғында оның "денсаулығына байланысты" шұғыл ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.
Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах Кувейтті 2020 жылдан бері басқарып келеді. Ол әмірлік лауазымды туған ағасы IV Сабах қайтыс болғаннан кейін алды.
Ас-Сабах әулеті Кувейтті XVIII ғасырдың ортасынан бастап билеп келеді. Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер осы әулеттің он алтыншы билеушісі және Кувейт Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алтыншы әмір болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз