- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құтырған ғой". Қазақ...
"Құтырған ғой". Қазақ тойларындағы бейәдеп билер
Желіде тойдағы бейәдеп видеолар халықтың қызу талқысына түсіп жатады. Massaget.kz тілшісі осындай видеоларға шолу жасады.
Видео Instagram желісіне 23 маусымда жарияланған. Ол 360 мыңнан аса қаралым жинаған, 33 пікір жазылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеоға түрлі пікір жазылған.
"Маған оның билегені ұнайды. Мұнда ұят ештеңе көріп тұрған жоқпын. Денсаулық бар кезде билеп қалыңдар... Адамдар өмірінің әр сәтін бағалаңдар", "Масқара, ұят болды ғой", "Мынадай аяқкиім киіп билеу де өнер шығар", "Түк те әдемі емес", - деген пікір білдірушілер.
11 шілдеде жарияланған тағы бір видео 334 мың қаралым жинаған. Видеоға 114 пікір жазылған.
Пікірлердің арасынан адамдар екіге бөлінгенін байқауға болады. Бір тобы қалыпты екенін, ұят ештеңе жоғын айтса, енді бір тобы сынаған:
Жарайсың, ұят ештеңе көріп тұрған жоқпын.
Бәрі дұрыс, қызық қой.
Әдемі қыз, заманауи музыка, заманауи би.
...той мен жиынның сәнін кетірдік, осылай жалғаса берсе, азғындыққа ұшыраймыз.
Ол өзін сыртынан көрді ме екен? Керемет әсер де, сұлулық та жоқ, мәдениеттің болмауы...
Керемет биледім деп ойлап тұр ғой.
Келесі видеода Қазнетте қызу талқыға түскен:
"Адам демалып, көңіл көтере біледі, несі бар? Жарайсың! Шешінбеген, жай ғана демалып жатыр", "Сұмдық ештеңесі жоқ, қалай билей алады, солай биледі", "Қандай музыка сондай би", "Өте ұят, қазаққа жат қылық бұл", - деп жазған пікір білдірушілер.
YouTube желісіндегі тойдағы би көрсетілген видеоның бірі 228 мыңнан аса қаралым жинаған.
Видеоға пікір білдіргендердің бірі оқиға Алматыда болғанын жеткізген.
"Бір ғана нәрсе айта аламын, уақыт барда билеп ал. Енді жастық шақ қайта оралмайды", "Осылай билегенін абырой көреді-ау", "Бұл Алматыда болды. Барлығы талқылай бастады, қазір бұл жағдайды әлемнің кез келген қаласынан кездестіре аласыз. Кейбір елдерді қоспағанда, бірақ мұндай елдерді саусақпен санап алуға болады", "Шетел би қимылы тойға келмейді, ана жігіт қатырды, неге сонша есірді", - деді Желідегілер.
Желіде мұндай видео көп екенін байқауға болады. Мәселен, 2015 жылы жүктелген видео 34 мыңнан аса қаралым жинаған.
Видеоға жағымсыз пікірлер жазылған.
"Бұл той емес, достарымен кездесу", "Ұят болған екен", "Масқара", "Ұят қайда", - деген көпшілігі.
Ал Instagram желісіндегі мына видео 48 мыңнан аса қаралым жинаған. Онда аяғы ауыр әйел мен ер адамның билегені көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желді қолданушыларының көпшілігі аяғы ауыр келіншектің жағдайына алаңдаған:
"Ерсі көрінеді", "Сүйкімсіз көрінеді екен сырттан қарағанда", "Биде шек жоқ", "Құдай баланы сақтасын. Мынау ел жасамаған жағдай ғой", "Ішіндегі баланы ойлау керек", - деген пікір білдіргендер.
Ал Желіде 206 мыңнан аса қаралым жинаған мына видеода биден батл болғаны көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеоға пікір білдіргендер арасында қазақтың тойынан мән кеткенін айтқандар да табылады:
Ж. Қадыржанова"Ешқандай жаман нәрсе жоқ, қыз, жарайсың", "Үлкен кісілер тұр, ұят қой", "...бұған негізі асабалардың кінәсі өте көп, ...сахна мен тойды шатастырып, неше түрлі жарыс, жеңіл ойын-сауыққа айналдырды тойды", - деген Желі қолданушылары.