- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құтырған екенсің". Жәния...
"Құтырған екенсің". Жәния Джуринская филиппиндік бала күтушіге 900 доллар жалақы төлеп жүр
Актриса Жәния Джуринская баласына филиппиндік күтуші жалдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актрисаның оқырмандары оған "Құтырған қатын екенсің", "Кешіріңіз, әрине, Қазақстаннан бала күтуші табылмады ма?", ""Соның орнында болса қазаққа 80 мың max 150 дейтін едіңдер. Тілі шықпаған балаға ағылшын тілін білетін қара тайлық не керегі бар, таңғалам", "Неге осындай ақшаны өзіміздің қазақстандыққа төлемейсіз? Неге қазақ алмадыңыз" деп пікір жазған.
Жәния Джуринскаяның өзі бұл пікірлерді скриндеп сторисіне салған.
Ал енді басқалары "О Құдайым, не деген адамдар, кімнің қандай шаруасы бар, егер жағдайың жетіп тұрса, why not?", "Қалтаң филиппиндік бала күтушіні жалдауды көтеріп тұрса, неге алмасқа? Осындай адамдарды түсінбеймін", "Қооооойшы, Жәния, қазақтардың іші тар" деп актрисаны қолдап жатыр.
Ол шетелдік бала күтушіні визасы және ұшып келуі үшін агенттікке 2 миллион бергенін, ал ай сайын 900 доллар (шамамен 419 591,61 теңге) жалақы төлейтінін жазған.
Актрисаның өзі неге қазақ бала күтушіні жалдамағанын түсіндірген. Оған бұл агенттікке әнші Луина ұсынған. Жәнияның сөзінше, ол да филиппиндік бала күтуші жалдаған.
"Бір себебі - үйде бәрінің ағылшынды білгенін қаладым", - деп жазды ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан