Әнші Ділназ Ахмадиеваның әкесі Президент Тоқаевтың қолынан жаңа марапат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Бүгін менің әкем Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан жаңа марапат алды! Әкемнің Қазақстан халқының бірлігіне қосқан үлесі үшін "Ел бірлігі" ордені. Қанекей, әкетайыма құтты болсын айтайықшы, ол өте бақытты болар еді", - деп жазды әнші.
Публикация от Дильназ Ахмадиева (@dilnaz_akhmadiyeva)
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!