Күтпеген оқиға: Алматыда көлік өртеніп кете жаздаған

Алматыда көлік өртеніп кете жаздаған. Күтпеген жерден өртенген көлікті сол маңайда жүрген жүргізушілер дер кезінде сөндіріп үлгерді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өртті бетон араластырғыштың жүргізушісі арнайы құралдарсыз өшірген. Қызыл жалын өртсөндірушілер жеткенге дейін толықтай ауыздықталған.

Көлік иесі күтпеген жерден көліктің отқа оранғанын көріп, абдырап қалғанын айтады.

"Өрттің неден шыққанын түсінбей қалдым. Бастысы, аманбыз. Тіпті көлігімнің үлкен зақым келмегені де қуантады," – дейді ол.

Жүргізуші төтенше жағдайға тез әрекет етіп, көмек көрсеткен адамдарға алғыс айтты.

Еске салайық, бұған дейін ТЖМ автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне келесі шарттарды орындау қажет екенін еске салған еді: 

  • техникалық байқаудан уақытында өткізу;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
  • әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстау;
  • қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылау;
  • көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;
  • жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!