- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Күтіңіздер". Танымал экстрасенстің...
"Күтіңіздер". Танымал экстрасенстің Алматыдағы жер сілкінісі жайлы айтқан болжамы көпшілікті үрейлендіріп қойды
Танымал экстрасенс Әли Хайдар Алматыдағы жер сілкінісі туралы айтқан болжамы көпшілікті үрейлендіріп қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист Абылайхан Өмірбай экстрасенс Әли Хайдардан "Сіз Алматыда тұрасыз, жақында жер сілкінісі болды. Қала тұрғындары әбігерге түсіп қалды десек болады. Сіз сездіңіз бе?" деп сұрады.
"Шынын айтсам, маған бәрібір болды. Маған шынымен бәрібір болды. Болады, табиғат, құбылыс. Бұл әлі де болады. Айтпақшы, әлі жер сілкінісі болады. Күтіңіздер. Бұл қалыпты. Балды білмеймін, өтірік айтқым келмейді", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы комиссиясының кейінгі деректері бойынша Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін жазған едік. Бұл туралы ғылыми орталық директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты.
Оның сөзінше, сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия ғылыми орталықтың сейсмологиялық деректерін бақылау материалдарын талдайды, осы материалдарды жауапты мемлекеттік органдарға ұсынады.
"Біздің мамандардың қорытындысы, бірнеше ғылыми бағыттың деректері бойынша Алматы сейсмикалық белсенді ауданының аумағында магнитудасы 5.5 және одан да көп жер сілкінісі болмайды", - деді Сәрсенбаев.
Комиссия құрамына ғылыми орталықтың жетекші мамандары кіреді. Сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссия жыл сайын Алматының сейсмикалық қауіпті өңіріндегі былтырғы бағалау нәтижелері бойынша сейсмикалық ахуалды бағалайды екен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан