- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құтқарушылардың өзіне үлкен...
"Құтқарушылардың өзіне үлкен қауіп төніп тұр". ҚР Парламентінің депутаты Бексұлтан Құдайбергенов мән-жайды айтты
ҚР Парламентінің депутаты Бексұлтан Құдайбергенов Қарағандыдағы Костенко шахтасында болған өрт жайында мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, құтқару жұмыстары өте ауыр жүріп жатыр. Себебі көмір шаңы қауіпті. Кез келген ұшқыннан жарылыс орын алуы мүмкін. Тіпті, жер астынан тек 3 кеншінің денесін алып шыға алған. Қалғандарын енді шығару үстінде.
Депутат кеншілердің аман-сау екеніне үміт азайып жатырғанын айтты.
"Барша қаза тапқан кеншілердің жақындарына көңіл айтамын. Расымен бұл "АрселорМитталды" елден аластату керек. Қазір президент тиісті тапсырмаларды берді. "АрселорМитталТеміртау" басшысы ретінде Виктор Васинді тағайындады", - деді ҚР Парламентінің депутаты.
Еске салайық, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар бар.
А. Жапатова