• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Құтқарушылардың айлығы өсіп, үй кезегіне тұрады: ТЖ министрі

Құтқарушылардың айлығы өсіп,  үй кезегіне тұрады: ТЖ министрі
Фото: ortcom.kz

Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) қызметкерлерінің жалақысы 10%-ға өседі. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, айлық өсімі - операциялық, көмекші және жауынгерлік бөлімшелерді қамтиды.

"Біз жалақыларды шамамен 10%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз. Жауынгерлік бөлімшелер үшін жалақының артуы бұрын жүргізілген болатын, ал 2026 жылы біз бұл тәжірибені ІІМ және басқа да құқық қорғау органдарымен бірге жалғастырамыз", - деді министр.

Сонымен қатар 2025 жылдан бастап құтқарушылар тұрғын үй төлемдеріне үміткер бола алады.

"Мұндай тәжірибе 2014 жылдан бастап әскерде, арнайы мемлекеттік органдарда және полиция қызметкерлерінде бар. Бірақ біздің жауынгерлік бөлімшелер әлі күнге дейін бұл өтемақыларды алған жоқ. Егер заң қабылданса, біз өз қызметкерлерімізге (шамамен 20 мың адам) тұрғын үй төлемдерін ұсына аламыз", - деп атап өтті министр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет
Logotype Massaget