- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құтқарушылар теңізге батып...
Құтқарушылар теңізге батып кеткен жігітті іздеп жатыр
Фото:
mangystaumedia.kz
Маңғыстау облысында 14 маусымда суда қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сағат 19:20-да "101" пультіне Ақтау қаласындағы "Монтажник" демалыс базасынан 1,5 шақырым жерде 21 жастағы жігіт суға батып кетті деген хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірден бірнеше сағатқа созылған іздеу жұмыстарын бастады. Алайда қараңғылық салдарынан сенбі күні таңғы алтыға дейін іздеуді тоқтатқан. Қазір іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина