Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Қарқаралы маңындағы орманда бірнеше күн бойы іздестірілген 72 жастағы зейнеткерді нақты қайдан тапқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 қыркүйекте әйел саңырауқұлақ теруге орманға кіріп, адасып кеткен. Оны іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері, орманшылар мен әйелдің туыстары кірісті. Іздеу жұмыстарын оның шамамен болсын маршрутының жоқтығы және таулы жер болуы қиындатқан.
24 қыркүйек күні таңертең зейнеткердің мәйіті "Берлога" демалыс үйінен сегіз шақырым жерде табылды. Құтқарушылардың айтуынша, мәйіт еңістің етегінен табылған. Қарт әйел еңістен құлап кеткен деген болжам бар.
Марқұмды Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімінде қызмет ететін сарбаздар тауып алған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!