- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құтқарушылар саңырауқұлақ теруге...
Құтқарушылар саңырауқұлақ теруге барған зейнеткердің қалай қайтыс болғанын айтты
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Қарқаралы маңындағы орманда бірнеше күн бойы іздестірілген 72 жастағы зейнеткерді нақты қайдан тапқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 қыркүйекте әйел саңырауқұлақ теруге орманға кіріп, адасып кеткен. Оны іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері, орманшылар мен әйелдің туыстары кірісті. Іздеу жұмыстарын оның шамамен болсын маршрутының жоқтығы және таулы жер болуы қиындатқан.
24 қыркүйек күні таңертең зейнеткердің мәйіті "Берлога" демалыс үйінен сегіз шақырым жерде табылды. Құтқарушылардың айтуынша, мәйіт еңістің етегінен табылған. Қарт әйел еңістен құлап кеткен деген болжам бар.
Марқұмды Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімінде қызмет ететін сарбаздар тауып алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан