Астанада Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінде қиын жағдайға тап болған мысыққа көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бүгін Алматы ауданында болған.
Астана - Қарағанды трассасында орналасқан жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінде мысық дүкеннің терезе қаптамасының арт жағында қысылып қалған. Мияулаған дауысты дүкенші естіген. Ол немқұрайлы қарамай, ТЖМ қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.
Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, шанц құралдарының көмегімен жануарды аман-есен босатып, оны оқиға куәгеріне тапсырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!