Құтқарушылар алматылықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыда 16 ақпанда қалың қар, жауын шашын жауып, көктайғақ болады. Демалыс күндері сынап бағанасы - 20 градусқа дейін төмендейді
Аязды күндерде электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне, электр құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзуға, газ жабдықтарын, сондай- ақ көмірмен жылытылатын пештерді дұрыс пайдаланбауға, үйдегі жылыту ақаусыз, қолдан жасалған құрылғыларын пайдалануға байланысты тұрмыстық өрт көбейеді.
Мұндай немқұрайдылық себебінен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларға- баспанасыз, кейде денсаулығына зиян келтіріп, тіпті өз өмірлеріне қауіпті. Алматы қаласы ТЖ департаменті ескертеді:
Көміртегі тотығымен газымен улану жағдайда жеке сектор тұрғындарын пештің тартылуын тексеруге шақырамыз. Қажет болса, мұржаны күйеден тазартып, жарықшалар пайда болса - бітеп жабыңыз.
Пеш мұржасының ауа тартылуын қалай көздеп тексеруге болады?
Мұржадағы ауа тартылымының жұқа қағазды алып жүру арқылы анықтау:
Газ отынымен жұмыс істейтін пештерді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар. Егер герметикасы жоқ болса газдың құбырының қосылған орындарда сабын ерітіндісі арқылы тексеруге болады, онда көпіршіктер пайда болады. Пешті жөндеу және техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді тек білікті мамандар жүргізуі керек.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!