Құтқарушы Сергей Ковалев Gazeta.ru-ге аязда баланың тілі темірге жабасып қалса, қалай өздігінше алып көруге болатынын айтты.
"Жылы деммен жылытуға болады. Баланың тілі жабысып қалған жерді алақанмен қоршап, жылы деммен үріңіз. Бірнеше адам болып істесе, тіпті, жақсы. Сол кезде бала жылдам босап шығады", - дейді Сергей Ковалев.
Екінші әдіс – тіл мен металл жасанасқан жерге су құю.
"Кез келген сұйықтық жарай береді: шай, газдалған сусын, шырын. Басты шарт – су өте ыстық болмауы керек. Ыстық судан бала тілін күйдіріп алуы мүмкін", - деп ескертті құтқарушы.
Тілі жабысып қалған баланы металдан оттықпен (зажигалка) жылыту арқылы көмектескісі келетіндер болады екен. Бұл жиі жіберілетін қателіктің бірі. Маман күйік алу және тілді жұлып алу қаупі бар екенін айтты.
"Бұл жағымсыз зақым алуға әкеледі. Ол ұзақ жазылады. Қалпына келу процесі кезінде бала дұрыс тамақ іше алмайды және сөйлей алмайды", - деп қорытындылады Сергей Ковалев.
Ескерте кетейік, Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталағанын жазған болатынбыз. Мұндай жағдай 54 жыл бұрын болған.