Құтқару қызметінің диспетчері өз-өзіне қол жұмсамақ болған жасөспірімді аман алып қалды

Құтқару қызметінің диспетчері өз-өзіне қол жұмсамақ болған жасөспірімді аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін таңғы сағат 9-да Абай облысының ТЖД 112 пультіне аспалы көпірден секіріп, суицид жасағысы келген жасөспірімнен хабарлама келді.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдады, ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.

"Уайымдама. Оқу - өмірдегі бастысы нәрсе емес. Мені де кезінде оқудан шығарып жіберген, басқа мамандыққа түстім. Бұл проблема емес. Алғашында шаштараз мамандығына түстім. Сосын маған қабілетімнің жоғын айтып, оқудан шығарылдым", - деді Айжан Қаленова жеткіншекке.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!