Продюсер Баян Мақсатқызы ALEF Production youtube-арнасына берген сұхбатында Айгүл Иманбаевамен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ана атанған продюсер өте бақытты.
"Ана болған өте керемет. Өте қуаныштымын, бақыттымын. Үйге асығып тұрамын. Қазір де асығыспын" , - деді ол.
Продюсер Айгүл Иманбаевамен бірнеше жылдан бері құрбы екенін, сол себепті киносына түсуге келісім бергенін айтты.
"Бір жылда 10 киноға түсуге ұсыныс түсті. Бірақ Айгүл Иманбаеваның ұлы түсірген киноға ғана келістім. Айгүл Иманбаева - менің жан құрбым. Үш күн бұрын түсірілімге дейін "шұғыл түрде кездесуіміз керек" деді. Жеке өміріндегі қиындықтар болар деп ойладым. Кездестік, кофе іштік. Сосын "Айгүл, іске көшейік, мен асығыспын" дедім. "Баян, мені құтқар, түсірілімге керексің" деді. "Уақыт жоқ, Айгүл, мен түспеймін" дедім. "Өзіңе керек кезде хабарласасың, ешқашан бас тартпадым" деді. Болды, бірден келістім. Тіпті, біз қанша төлейміз, қалай болады - ешнәрсені ақылдаспадық. "Қазақпыз ғой" енді деген фразамен келістік. Бірақ үш күнге ғана келістім. Сөйтсем, түсірілім алаңында режиссер Айгүлдің ұлы Асылжан "Баян Мақсатқызы, келіскеніңізге рахмет,бірақ сізде түсірілім үш күн емес, 8 күн. Сіздің кейіпкеріңіз қызық болғаннан кейін оны создық деді". Қатты ашуландым. Бірақ келісіп болғаннан кейін ештеңе істей алмайсың. Солай түсірілімге келістім", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!