“Күтеміз, Садр!“ Sadraddin шетелде бейнебаян түсіріп жатыр

Қазақстандық жас әнші Sadraddin шетелде бейнебаян түсіруге кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Жүріңіздер, көрсетейін. Түсірілім алаңындамыз. Кеше бір бейнебаяным шықты. Бүгін Грузияда келесі әнге бейнебаян түсіріп жатырмыз. Мына жақ өте әдемі, өте керемет. Келесі ән, келесі бейнебаян өте аз уақыттың ішінде шығады. Шетелден бейнебаян күтіңіздер", - деді ол.

"Мен ойлаймын, мама, сол аруды ғана" деген ән мәтініне қарағанда әншінің кезекті әні махаббат тақырыбына арналатын сияқты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!