- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құстардың үні денсаулыққа...
Құстардың үні денсаулыққа психологиялық тұрғыда пайдалы болып шықты
Макс Планк атындағы институт және Гамбург-Эппендорф медициналық орталығы университетінің мамандары құстардың сайрауы денсаулыққа психологиялық тұрғыда пайдалы екенін мәлімдеді. Зерттеу нәтижесі Scientific Reports журналында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымдар зерттеуге 295 еріктіні қатыстырған. Зерттеу барысында құстардың сайрауы мен жол қозғалысының дыбысы қалай әсер ететіні анықталған. Құстардың сайрауы қорқыныш пен паранойя деңгейін төмендетсе, жол қозғалысының дыбыстары керісінше, депрессия белгілерін күшейте түскен.
Зерттеу авторларының сөзінше, құстардың үні ми қауіп ретінде қабылдайтын стресс факторларын азайтқан. Мұндай дыбыстарды тыңдау арқылы психикалық бұзылулардың алдын алуға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина