Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев ОКҚ брифингінде өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Сергеев су қоймасындағы су деңгейі көтеріліп жатыр. Судың асып төгілу көрсеткіші - 265 сантиметр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қанат Дүзелбаев қазіргі уақытта Қызылжар ауданында және Петропавлда жағдай күрделі екенін жеткізді. Қызылжар ауданының елді мекендерінде және облыс орталығы аудандарының бір бөлігінде су тасқыны болды. Петропавлда 1626 үй, Қызылжар ауданында 12 үй су астында қалды.
"Бізде күш пен қаражат жеткілікті. Сонымен қатар, бүгінде көмек көрсету үшін қалқымалы понтондары бар инженерлік әскерлер келді", - деді спикер.