Күшті желден Астананың бірнеше ауданы жарықсыз қалды

Күшті жел салдарынан Астананың кейбір аудандары жарықсыз қалды. Бұл туралы "Астана-РЭК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар қызметі Оңтүстік-Шығыс ықшам ауданы, оң жағындағы 10 киловольттық әуе желілерінде, сондай-ақ Алматы мен Сарыарқа аудандарындағы жеке тұрғын үйлерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр. 

"Қолайсыз ауа райының салдарын жедел жою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды: 12 жедел және 12 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, екі арнайы техника (АГП) және ДГҚ жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, таңертең Астана әкімдігі тұрғындарға ауа райына байланысты үндеу жасады. Өңірлерде күн суытып, қар жауып, салдарынан кейбір жолдар жабылып жатыр. Қарағанды облысында дауыл соғып, салдарынан ғимараттардың шатыры опырылып, электр сымдары үзілді. Павлодарда қатты желден ағаш құлап, бір адам мерт болды

 Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз