- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Күшпен сүйреп әкеткен"....
"Күшпен сүйреп әкеткен". Петропавлда 8 жастағы қызды зорлаған тұтқын түрмеден құтылып кетті
Петропавлда баланы зорлаған ер адамға сот үкімі шығарылды. Ол 8 жастағы қызды полиция бөлімі маңында қорлаған. Айыпталушының өзі сол кезде жазасын өтеп жүрген. Сот ешкім күтпеген шешім шығарды: түрменің орнына ол психиатриялық клиникаға жатады - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Сұмдық қылмыс бір жыл бұрын болған. Үйінің маңында жүрген сегіз жастағы қызды Алексей Мальченконы жақын маңдағы бұталардың арасына күшпен сүйреп апарып, арам ойын іске асырған. Күдікті Петропавл маңында ұсталған. 27 жастағы рецидивист бірнеше ай бұрын түрмеден ауыстырылған. Заң бойынша Мальченко жұмыс істеуге құқылы болған және түрлі жұмыс істейтін жұмысшы ретінде тіркелген.
Сот ер адамды кінәлі деп таныды, бірақ түрменің орнына оны мәжбүрлеп емдеуге жіберді.
"Бізде кешенді, стационарлық түрде жүргізілген медициналық сараптама бар. Мальченко ұзақ уақыт бойы бақылауда болды. Біз Мальченконың қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде ақыл-есі кем күйде болғанын анықтадық, яғни ол Қылмыстық кодекс заңының бабы бойынша жауапкершілік арта алмайды, сондықтан ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды, бірақ оған медициналық сипаттағы шаралар тағайындалды", - деп түсіндірді судья Судан Нұршарыпов үкімді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан