- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құшақтасып, сүйісіп, артынша...
Құшақтасып, сүйісіп, артынша біртүрлі әрекеттер жасаған жұп алматылық тұрғынның ашуына тиді
Алматы тұрғыны жігіт пен қыздың балалар алаңында істеген біртүрлі әрекетіне наразы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 30 мамырда Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көпқабатты үйлердің бірінің алаңында болған. Жергілікті тұрғын оқиға куәгері болған. Оның сөзінше, балалар алаңында жігіт пен қыз ұзақ уақыт құшақтасып, сүйісіп, артынша біртүрлі әрекеттер жасай бастаған. Әйел адам камерасын қосып, бәрін видеоға түсіріп, Tengrinews.kz редакциясының нөміріне жіберген.
"Күндіз шектен шықты. Сағат 15.00 шамасында жігіт пен қыз әлгі нәрсемен айналысты. Алаңда кішкентай балалар жүрген", - дейді куәгер.
Алматы қалалық Полиция департаменті өкілдері жігіт пен қызды іздеуге кіріскендерін айтты.
"Бұл дерек бойынша Алатау ауданының полиция басқармасы тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Құқық бұзушылық жасалған жер анықталды. Учаскелік инспекторлар қосылған. Құқық бұзушылар, әрине, әдепсіз мінез-құлық үшін анықталып, жауапқа тартылады", - деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина