Қазақстанға танымал Нұрлан имам қара кигендерді қазаққа қаншалық жат екенін айтып, сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұрлан имам бұл туралы Qasqa Jol бағдарламасында берген сұхбатында айтты.
"Біздің елде қара киінгендерді жүргізбек түгілі, құшақтап жатқызса да қабылдамаймыз. Мен өзім Қазақстанның азаматы ретінде қабылдамаймын. Қара киінуге қарсымын. Біз зайырлы мемлекетпіз, біз ислам мемлекеті емеспіз", - деді имам қара жамылғандар туралы.
Нұрлан имамның айтуынша, біздің қоғамға арабтанғаннан гөрі патриоттану қажет.
"Ата-бабаларымыздың күнделікті өмірі диалектімізге, сүйегімізге сіңіп кеткен. "Әліпті таяқ деп танымайды" деген сөз де солардан келген. Бұл біздің болмыс. Араб болып кеткен жоқ. Киімімен, шекпенімен, елді-жерді сақтап қалды. Ұлтқа, елге деген махаббат бір жерге жиналып тұрды. Дін руханияттанып тұрды. Бұрылып, арабты сүй деген жоқ. Қазір кейбір жастар арабтардың қолын, аяғын сүйіп жүр. Еліңді сүй, жеріңді сүй, даланың жусанын сүй, сол артығырақ", - деді ол сұхбатта.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!