- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күш қолданған: полиция...
Күш қолданған: полиция Ақтауда ер адамның ұсталуына қатысты түсінік берді
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамды полицейлер ұстаған видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтауда ер адамды екі полицей соққыға жығып тұрып ұстап жатқан видео тарады. Видеода тәртіп сақшыларының бірі ер адамды ұстап, екіншісі қолымен және аяғымен басынан ұрып жатқаны көрсетілген.
Артынша тағы екі полицей пайда болады. Сол сәтте олар ер адамды ұстап, қолын қайырады. Видеода бейәдеп сөздер айтылады.
"Ол келген жедел жәрдем қызметкерлеріне бағынбаған, содан кейін жедел жәрдем полицияға хабарласқан. Сонымен қатар бұрын сотталған бұзақы да полицияға физикалық қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың жолын кесу және оны ұстау кезінде полиция қызметкерлері оған күш қолданды", - делінген облыс полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан