"Құс қанат менің ғұмырым..." Мейрамбек Беспаевқа ерекше құс сыйлады

"Құс қанат менің ғұмырым..." Мейрамбек Беспаевқа ерекше құс сыйлады
Фото: stan.kz

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев жақында ерекше тосынсыйға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айман Нұразхан есімді азамат әншіге кептер сыйлаған. 

"Радиомыздың директоры Айман Нұразханның ойламаған жерден жасаған сыйлығы. Аспанымыз ашық, бейбітшілік мәңгі болғай!”, – деп жазды Мейрамбек Беспаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мейрамбек Беспаев бала кезінен кептерлерге қызығатын. Мұны жақсы білетін әншінің жанкүйерлері желіде түрлі жағымды пікір қалдырып жатыр. 

"Құс қанат менің ғұмырым қанатын тағы бір қақты", "Керемет сыйлық екен, Мейрамбек інім, бар жақсыға лайықсың", "Керемееет, құтты болсын, аман болыңдар, жұмыстарыңа сәттілік тілейміз" деген пікірлерді кездестіруге болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева