"Құрылыста қор болып жүр екен ғой". Димаш секілді ән шырқаған жігіт Желіні тәнті етті

Димаш секілді ән шырқаған құрылысшы жігіт Желіні тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған видео 100 мыңға жуық қаралым жинаған. Онда жігіт Димаш Құдайбергеннің "Махаббат бер маған" әнін шырқаған. 

"Димаштың двойнигі, талант", - деп жазылған видеода.

@___bakbergen___ #димаш #стройка #астана #рекомендации❤️ #рек ♬ оригинальный звук - bakbergen123

Желі қолданушылары жігіттің өнеріне сүйсінген, тіпті оның құрылыста талантын қор етіп жүргенін жеткізген:

Тамаша!

Мәссаған, дауысты қара.

Керемет! Бағы ашылсын.

Әдемі шырқады.

Қазақ - өте талантты халық, әрбір адамы талантты.

Құрылыста қор болып жүр екен ғой мынандай талантымен.

Керемет жұлдыз болатын адам ғой.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!