“Құрылыс материалдарының арасына тығылған“: Ресейге заңсыз өтпек болғандар ұсталды

Ақтөбе облысының "Жайсан" шекара бекетінде Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, олар жүк көлігі апара жатқан 22 тонна құрылыс материалының арасына тығылған.

"18 шетел азаматы керамогранит тақталарының арасына жасырынған. Олардың үшеуі - Өзбекстан азаматтары, 15-і - Тәжікстан азаматтары. Бірақ құжаттары заңды рәсімделмеген", - деп жазылған мәліметте.

Заңсыз шекара аспақ болғандардың тағдырын енді сот шешеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!