Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президенттің сөзінше, қазір бүкіл билік жүйесін және қоғамдық институттарды ауқымды жаңғырту жұмысы жүріп жатыр.
"Осыдан бірнеше күн бұрын алғашқы Құрылтай сайлауы өтті. Ал кеше оның нәтижелері шықты. Бұл өте маңызды саяси науқан, саяси іс-шара деп те айтуға болады, шын мәнінде, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осы істе Орталық сайлау комиссиясы үлкен рөл атқарды. Сайлау үдерісіне дұрыс шешімдер, соның ішінде жасанды интеллект технологиясы енгізіліп жатыр. Мұндай әдіс-тәсілдер науқанның сапасын арттыра түсті", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға шетелдік байқаушылар тарапынан да қызығушылық жоғары болғанын мәлімдеді.
"Халықаралық қауымдастық сайлау нәтижесін мойындады, оның ұлттық заңнамаға және барлық талапқа сай өткенін атап өтті. Мен бүгін Конституцияның 46-бабына сәйкес бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойдым. Алқалы жиын 28 тамызда болады. Оған дейін Құрылтайға өткен партиялар депутаттардың тізімін әзірлеуге тиіс", - деді Президент.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз