Орталық сайлау комиссиясы Гүлнәр Тойлыбаеваны Құрылтай депутаты ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады. Ол өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Татьяна Савельеваның орнына келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров депутатқа куәлік пен төсбелгі табыстады.
Ресми мәлімет бойынша бұған дейін "Әділет" партиясы бос депутаттық мандатты партиялық тізімге енгізілген Гүлнәр Тойлыбаеваға беру туралы шешім жолдаған. Осы шешімге сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының бос мандаты партиялық тізімге енгізілген Гүлнәр Тойлыбаеваға берілген.
Айта кетейік, Гүлнәр Тойлыбаева бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы лауазымдарын атқарған. Депутаттық мандат алғанға дейін Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова