Құрылтайдың басшылық құрамы және құрылымы жасақталды: кімдер сайланды?

Құрылтайдың басшылық құрамы және құрылымы жасақталды: кімдер сайланды?
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның жаңа Құрылтайының басшылық құрамы сайланды, құрылымы қалыптасты. Massaget.kz тілшісі өзгерістерге шолу жасады.

Айбек Дәдебай - Құрылтай төрағасы

Бүгін Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын ашты. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңның 11-бабына сәйкес Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.

Депутаттар оның кандидатурасын жасырын дауыс беру арқылы қолдады. Осылайша, Айбек Дәдебай жаңа Құрылтайдың төрағасы болып сайланды. 

Құрылтай төрағасының орынбасарлары кімдер?

Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.

t.me/quryltairesmi

Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар спикердің ұсынысын қолдады.

Осылайша, "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева, "Әділет" партиясының депутаттары Динара Зәкиева мен Нұрлан Бекназаров Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды.

Сегіз тұрақты комитет құрылды

Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды. Депутаттар алдағы заң жобаларымен жұмыс істейтін барлық комитетті жасақтады:

  • Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті - Серік Егізбаев;
  • Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті - Үнзила Шапақ;
  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті - Марат Қожаев;
  • Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті - Әмірбек Оспанбеков:
  • Әлеуметтік-мәдени даму комитеті - Асхат Аймағамбетов;
  • Қаржы және бюджет комитеті - Ольга Перепечина;
  • Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті - Дархан Ахмедиев;
  • Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті - Наталья Годунова.

t.me/quryltairesmi

Комитет мүшелері кімдер?

Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің мүшелері сайланды. 

Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті: Айжан Сқақова, Бауыржан Жамалов, Бота Елеусізова, Мағжан Ералиев, Шынасыл Ерназар, Руслан Идрисов, Мұрат Иргибаев, Замира Кузиева, Аслан Құлмағамбетов, Дәурен Маралов, Айжан Наимбекова, Ербол Нұрғалиев, Сергей Пономарев, Русана Сулаймонова, Әбілхайыр Тамабек, Арман Хайруллин.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті: Асхат Рахимжанов, Жарқынбек Амантай, Жанарбек Әшімжанов, Зульфия Байсақова, Айнагүл Балташева, Елдос Баялышбаев, Захира Бегалиева, Жұлдыз Данбаева, Арман Жансеңгіров, Ләззат Жылқыбаева, Шолпан Каринова, Асылхан Қожахметов, Ләззат Қожахметова, Дихан Қамзабекұлы, Динара Наумова, Наталья Рамазанова, Ажар Сағандықова, Екатерина Смолякова, Армангүл Тоқтамұрат.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті: Константин Петров, Айжан Аймағанова, Арман Ақылбай, Мадияр Әмірғалиев, Гүлзира Атабаева, Дәурен Ахметжаев, Айрат Базенов, Нұркен Бақытбекұлы, Марат Башимов, Берік Беркімбаев, Евгений Больгерт, Александр Данилов, Нұрлан Дулатбеков, Снежанна Имашева, Дәулет Кәрібек, Мейрамбай Кемалов, Ерқанат Мұсылманбек, Мади Рымжанов, Аят Сүгірбай.

Қаржы және бюджет комитеті: Айдарбек Қожаназаров, Кендебай Адамбек, Қайрат Айтуғанов, Гүлназ Атамқұлова, Аяужан Әшімова, Шалқар Байбеков, Бақтыбек Бибаев, Алмас Мухаметов, Бөріхан Нұрмұхамедов, Татьяна Савельева, Наурыз Сайлаубай, Елена Семидоцких, Тәттігүл Талаева, Илья Теренченко, Аббат Өрісбаев, Әсел Хаирова.

Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті: Юрий Ли, Бекжан Айтқұлов, Ербол Данағұлов, Беғалы Ералиев, Нұрсадық Ергешбек, Ажар Қажыбекова, Арман Қалықов, Мейірхат Қасымбаев, Бахадыр Нарымбетов, Замир Сағынов, Ерлан Сайыр, Нұрбақыт Теңізбаев, Тұрарбек Тілемісов, Марат Шибұтов, Мейраш Шынасылова, Станислав Щербаков.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті: Константин Авершин, Әсел Баденова, Шахмардан Байманов, Сатыбалды Бұршақов, Қарлығаш Жоманқұлова, Алмат Жөкебаев, Ақерке Искандерова, Юлия Кучинская, Дана Медеуова, Шерзод Пулатов, Максим Рожин, Айдос Сарым, Нұргүл Тау, Ирина Тен.

Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті: Екатерина Смышляев, Ербол Адаев, Тілектес Адамбеков, Абай Алтай, Дидарбек Ділдәбек, Лаура Қарабасова, Владимир Киян, Мақсұт Насибулов, Гүлісхан Нахбаева, Олжас Нұралдинов, Айсұлу Сүлейменова, Айжан Темірбаева, Рабиға Тоқсеитова, Ерлан Тоқшалық.

Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті: Сұңғат Есімханов, Алмат Әбдікешов, Бекжан Әлімқұлов, Вадим Басин, Эрлан Батырбеков, Нұрайнаш Камалова, Серик Қожаниязов, Олжас Құспеков, Лариса Ли, Мұратбек Мұхамбедиев, Нұржан Ниязалиев, Шота Оспанов, Динара Райханова, Марат Себасов, Нұрлан Толыбаев, Мұса Хайруллиев, Махамбет Хасенов, Никита Шаталов, Ермекқали Юсупов.

t.me/quryltairesmi 

Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.

Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget