Құрылтай төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Құрылтай төрағасының орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттар Құрылтай төрағасының орынбасарларын сайлады. "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.

Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар спикердің ұсынысын қолдады.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Дәдебай жаңа Құрылтайдың төрағасы болып сайланды. Депутаттар оның кандидатурасын жасырын дауыс беру арқылы қолдады.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.

Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!