Құрылтай сайлауында қанша адам дауыс бергені туралы алғашқы мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша көрсеткіш мынадай:
1. Астана қаласы бойынша - 17,01 пайыз.
2. Абай облысы бойынша - 17,35 пайыз.
3. Ақмола облысы бойынша - 18,91 пайыз.
4. Ақтөбе облысы бойынша - 20,28 пайыз.
5. Алматы облысы бойынша - 17,19 пайыз.
6. Атырау облысы бойынша - 18,75 пайыз.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша - 17,97 пайыз.
8. Жамбыл облысы бойынша - 18,25 пайыз.
9. Жетісу облысы бойынша - 20,87 пайыз.
10. Қарағанды облысы бойынша - 21,06 пайыз.
11. Қостанай облысы бойынша - 17,92 пайыз.
12. Қызылорда облысы бойынша - 22,91 пайыз.
13. Маңғыстау облысы бойынша - 16,92 пайыз.
14. Павлодар облысы бойынша - 15,98 пайыз.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 17,52 пайыз.
16. Түркістан облысы бойынша - 20,39 пайыз.
17. Ұлытау облысы бойынша - 19,41 пайыз.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 19,93 пайыз.
19. Алматы қаласы бойынша - 9,96 пайыз.
20. Шымкент қаласы бойынша - 20,39 пайыз.
Еліміз бойынша сағат 10.00-де 2 264 411 сайлаушы бюллетень алған. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 17,96 пайызы.
Сурет: ОСК
Айта кетейік, сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 12.00-де жарияланады.
Құрылтай сайлауы
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысып жатыр. Құрамы мынадай:
- "Ақ жол" демократиялық партиясы - 63 кандидат;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 69 кандидат;
- "Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) - 186 кандидат;
- "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы - 47 кандидат;
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 72 кандидат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 33 кандидат;
- Respublica партиясы - 75 кандидат.
1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова