Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясынан Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімді тіркеді, деп хабарлайды.
Дереккөзге сүйенсек, Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдегі 186 кандидатты тіркеген. Олардың арасында – заңгер, ғалым, кәсіпкер, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет пен қоғамдық қызметтердің өкілдері бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас.
Айта кетейік, "Әділет" партиясы 2026 жылдың 1 маусымында ресми тіркелген. 10 шілдеде өткен партияның кезектен тыс III Съезінде 186 кандидаттан тұратын партиялық тізімді жариялап, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Ал, Құрылтай депутаттарының сайлауы биыл 23 тамызда өтеді.
Сурет: Әли Ғалым
"Әділет" партиясы ұсынған материал
Massaget.kz