Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан құрылған барлық 79 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, 61 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны - 9623 адам.
"Сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды", - деп жазылған мәліметте.
Құрылтай сайлауы
23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.
Сайлауға 7 партия қатысты. Құрамы мынадай:
- "Ақ жол" демократиялық партиясы - 63 кандидат;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 69 кандидат;
- "Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) - 186 кандидат;
- "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы - 47 кандидат;
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 72 кандидат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 33 кандидат;
- Respublica партиясы - 75 кандидат.
1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.
Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова