Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша негізгі іс-шаралардың жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, кандидаттарды ұсыну 2 шілдеде басталады.
13 шілде сағат 18:00-ге дейін құжаттарды тапсыруға болады, содан кейін бұл кезең аяқталады.
ОСК
Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 23 шілдеде басталып, 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
22 тамыз "тыныштық күні" болып жарияланды, бұл күні кез келген үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады.
2 тамызда әкімдіктер сайлаушылар тізімін учаскелерге береді, ал 7 тамызда бұл тізімдер азаматтарға қолжетімді болады.
Дауыс беру 23 тамызда өтеді. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, 1 шілдеде Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Осы күннен бастап Мәжіліс пен Сенат өз жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды.
Жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстан Парламенті бір палаталы болып, ол Құрылтай деп аталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова