Құрылтай сайлауы: алдын ала нәтиже жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 тамыздағы таңертеңгі жағдай бойынша алдын ала дауыс беру нәтижесі мынадай:

  • "Әділет" партиясы - 71,17 пайыз;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5,11 пайыз;
  • "Байтақ" жасылдар партиясы - 1,7 пайыз;
  • Қазақстанның халық партиясы (ҚХП) - 3,10 пайыз;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,26 пайыз;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,21 пайыз;
  • Respublica - 5,56 пайыз;
  • "Барлығына қарсымын" - 2,51 пайыз.

Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы сайлаушылар дауысының кемінде 5 пайызын жинауға тиіс.


Сурет: ОСК 

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адам болған. Сайлауға 9 351 539 адам (тізімге енгізілген азаматтардың 73,8 пайызы) қатысқан.

Құрылтай сайлауы

23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент - Құрылтай депутаттарын сайлау өтті. Бұл - 1991 жылдан бергі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау.

Сайлауға 7 партия қатысты. Құрамы мынадай:

  • "Ақ жол" демократиялық партиясы - 63 кандидат;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 69 кандидат;
  • "Әділет" партиясы (құрамына Amanat партиясы кірген) - 186 кандидат;
  • "Байтақ" Қазақстан жасылдар партиясы - 47 кандидат;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 72 кандидат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 33 кандидат;
  • Respublica партиясы - 75 кандидат.

1 шілдеден бастап Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты. Елде жаңа Конституция өз күшіне енді.

Конституциялық реформадан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттар таратылды. Енді елде қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді. Сайлау қорытындысы бойынша жаңа Парламентке 145 депутат кіреді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!