Жоғарғы соттың бірнеше судьясы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Құрылтай депутаттары оларды қызметінен босатуға дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрылтай Жоғарғы соттың судьялары Марина Боровикті, Нұржан Қайыпжанды, Валерий Ноздринді, Мәдениет Омарбекованы, сондай-ақ, Сәкен Абдолла мен Аслан Түкиевті қызметінен босатты.
Бұл жайт ҚР Конституциясының 56-бабы 10) тармақшасына сәйкес қаралған. Депутаттар судьяларды қызметінен босату туралы шешімді қолдап, дауыс берді.
Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховтың айтуынша, Жоғарғы сот судьялары Сәкен Абдолла мен Аслан Түкиев Конституциялық сот судьялары болып тағайындалған.
Ал Марина Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин және Мәдениет Омарбекова өз еркімен құрметті демалысқа шығуға ниет білдірген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!