Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Конституцияның 55-бабы 4-тармағына және 56-бабы 12) тармақшасына, Құрылтай регламентінің 255-тармағына сәйкес Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Татьяна Савельева туралы не белгілі?

Айта кетейік, ол "Әділет" партиясынан Құрылтайдың I сайланған депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. Депутаттыққа дейін Қаржы министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде қызмет атқарған. 

2016-2023 жылдары қаржы вице-министрі болған. 2023-2026 жылдары VIII шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты болды. 2024-2026 жылдары Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!