Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева жаңа Құрылтай депутаттарының жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрылтайда өткен брифинг барысында журналистер одан депутаттар қанша жалақы алатынын сұрады.
Дания Еспаеваның айтуынша, депутаттардың еңбекақысы жұмыс өтіліне байланысты және бір миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.
"Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі аралықта. Депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 миллионға дейін жетеді", - деді Дания Еспаева.
Еске салайық, бұған дейін Құрылтай депутаттары не үшін жазаланатыны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова